Алатау бөктеріне алғашқы қар жауды
Алатау бөктеріне алғашқы қар түсті.Табиғаттың тосын сыйына таңқалған алматылықтар табанасты жауған қарда селфи жасап, алаңсыз суретке түсіп жатыр.
Автор: Аруна Ортай
28.09.2015
Кешелі бері жауып жатқан жаңбыр соңы Алматының таулы аудандарында қарға ұласқан. Жасыл шыршалар дем арасында аппақ ұлпаға ораныпты. Көптен қысты сағынып қалса керек, Медеу табиғи паркінде серуен құрғандар жаңа түскен қар үстінде асыр салып жүр. Ал қар бүгін-ертең ерімейтін сыңайлы. Өйткені синоптиктер түнде температура минус 3 градусқа дейін төмендеуі мүмкін деп отыр. Артынша бұршақ жауып, күшті жел тұруы да ықтимал.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
06 қаңтар
Серіктестер жаңалықтары