{metadescription}
Алматыда атақты театр  күзетшілеріне жалақы төлемей  қойды
Алматыда атақты театр  күзетшілеріне жалақы төлемей  қойды

Алматыда атақты театр күзетшілеріне жалақы төлемей қойды

Мүсірепов театры тағы да дауға ілікті. Бұл жолы Алматыдағы балалар мен жасөспірімдер театрының күзетшілері бірнеше айдан бері жалақыларын ала алмай жүр.

Нұрғазы Түсіпов:

-Төлеймін, төлеймін дегеннен кейін адам сенеді ғой. Сонымен жұмыс істедік. Қазір, міне, әлі ала алмай жүрміз айлықтарымызды. Әр айда Үш айдың ішінде 80 мыңнан артық ақша бар.

Бұл өнер ошағын күзеткен бір ғана адамның алашағы екен. Ал жалпы алданғандардың қарызы 300 мың теңгеге жуықтаған. Қазір опық жеген күзетшілер жиналып, заң органдарына арыз жазғалы жатыр. Театр басшылығы болса, бұл шатаққа еш қатысы жоғын айтып ақталуда. Ғимараттың аумағын қарауылдаумен арнайы күзет компаниясы айналысады екен. Сондықтан жалақысын даулағандар сол компанияның басшысынан сұрасын дейді.

Зәуре Мырзалиева, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры директорының орынбасары:

-Күзетшілердің ай сайынғы жалақылары театрдың есеп-шотынан «Күзет» ЖШС-нің есеп-шотына уақытылы, ай сайын келісім шарт бойынша аударылып отырды. Сондықтан, театрға тағатын ешқандай мін жоқ шығар жұмыс істеп кеткен кісілердің.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде