{metadescription}
Қорғаныс министрлігі тыңшы спутниктерді аңдуға қол жеткізді
Қорғаныс министрлігі тыңшы спутниктерді аңдуға қол жеткізді

Қорғаныс министрлігі тыңшы спутниктерді аңдуға қол жеткізді

Қазақстан тыңшы спутник пен баллистикалық ракеталардың ұшуын аңди алады. Ал Балхаш торабы тағы Ресейге 5 жылға пайдалануға берілді. Қарағанды облысындағы ракеталық шабуылға қарсы станцияны көршілеріміз 25 жылдан бері жалға  алып отыр.

Балқаш торабы Қазақстанға тиесілі болғанмен ондағы әскери станцияға Ресейдікі. Осы күнге дейін аймақ жабық түрде жұмыс істеп келді. Жаңа келісім бойынша, ресейліктермен бірге біздің әскерилер де, ракеталардың ұшырылымын қарауға бірінші рет қол жеткізбек. Яғни, Қазақстанның әуе кеңістігінен өтетін әрбір тыңшы спутниктің ұшқан уақытын, бағытын өзіміз қадағалаймыз. Бұл зымырандардан төнген қауіп-қатердің алдын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Балқаш торабындағы жалға берілген 5 мың гектар жердің де аумағы қысқарып отыр. Енді Ресей 700 гектарды ғана пайдалана алады. Бірақ, жалға алды деген аты болмаса, көршілеріміз Балқаш торабы үшін 25 жылда елімізге бір тиын да төлемепті.

Мұхтар Алтынбаев, ҚР Сенат депутаты:

-Ақы төлеу керек, бірақ олар ақы төлеген жоқ. Бірақ, оның есесін біз техникамен, оны мен аса айтқым келмейді. Станция ескіріп келеді. Оны көп болса, тағы 5-6 жыл қолдана алады. Сондықтан келісіп отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде