{metadescription}
Қарағанды облысында қарамағындағылардан ақша жинаған шенді полицейдің қолына кісен салынды
Қарағанды облысында қарамағындағылардан ақша жинаған шенді полицейдің қолына кісен салынды

Қарағанды облысында қарамағындағылардан ақша жинаған шенді полицейдің қолына кісен салынды

Қарағанды облысының бас жол сақшысы қарамағандағыларды күнделікті ақша жинап өткізуге мәжбүрлегені үшін қамауға алынды. Облыстық әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Ерғабыл Жүкеновтің үстінен өз қызметкерлері арызданған. 

Жүкенов жол полицейерінің бұтаның арасына жасырынып жатып көлік аңдуды қос қолдап қолдайтын басшы. Осы үшін тілшілермен де талай қызыл кеңірдек болған. Сөйтсе, мұнысы бекер емес сыңайлы. Тергеу мәліметтері бойынша, ол әр жол полицейін ақша өткізуге міндеттепті. Күнде «салық» төлеу жандарына батқан тәртіп сақшылары ақыры арызданып тынған. Ақшаға құнықты деген офицер қазір уақытша ұстау абақтысында отыр. Cонымен қатар бүгін облыстық есірткімен күрес басқармасының бұрынғы бастығы Ержан Құлжақаев та тұтқындалған. Экс-полицейге Шахтинск тұрғынының «Мерседесін» алдап алды деген айыппен іздеу жарияланған болатын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде