{metadescription}
Бурабайда тұрғындар мемлекеттің өтемақысын азсынып отыр
Бурабайда тұрғындар мемлекеттің өтемақысын азсынып отыр

Бурабайда тұрғындар мемлекеттің өтемақысын азсынып отыр

Бурабайда баспана дауы! Мемлекет қажеттілігі үшін сүрілуі тиіс 29 үйдің иелері өтемақыны азсынып отыр. Шенеуніктер ұсынған 3-4 миллион теңгегеге баспана алу қиын дейді жұрт. Ал тараптар ортақ мәмілеге келе алмай жатқандықтан, жол салу жұмыстары да тоқтап тұр. Сондықтан енді тұрғындар бұл сомаға келіспесе, мәжбүрлеп көшіруді бастамақшы жергілікті билік.

Аудан әкімінің күштеп шығарылады деген қаулысын газеттен оқыған жұртта қазір зәре жоқ. Курортты аймақтағы үйлерінің бағасы арзан емес екенін олар жақсы біледі. Бірақ бұл баспаналарды сатуға болмайды. Өйткені тыйым салып тастаған.

Марина Мухина, Бурабай кентінің тұрғыны:

-Үйдің жарты құнын бермекші. Не істесең оны істе деп отыр. Әкімдерге, бәріне бардым. 3 миллион теңгеге қандай баспана алам? Басымыз қатты.

Наталья Репина, Бурабай кентінің тұрғыны:

-Доллар бағамын бұрынғы 187 теңгемен есептеген. Ал мұнда үй бағасы түскен жоқ. Жердің өзі миллионнан кем емес.

Жер Кодексіне жүгінген жұрт мұндайда баспаналарының құнына тең келетін үй берілуі тиіс дейді. Бірақ әкімдіктегілер оған көнген жоқ.  Сүрілуі тиіс 29 үйдің орнына жол салынуы керек. Әкім-қаралар бұл мемлекет қажеттілігі үшін болғандықтан тұрғындардың түсіністікпен қарауын сұрап отыр.

Ерлан Мұратов, Бурабай кентінің әкімі:

-Үйлеріңіздің орнына жол салынады. Егер бағасына келіспесеңіздер тәуелсіз бағалау комиссиясын шақырыңыздар. Сотқа беріңіздер.

Бурабай курортты аймағын дамыту мақсатында жаңа тас жолдар салу үшін республика бюджетінен 4 миллиард 16 миллион теңге қарастырылған. Алайда 29 жер телімін иелерінен сатып ала алмау себепті жоспарланған 14 шақырым жолдың 5 шақырымы ғана салынған. Тұрғындар келісімін бермейінше, жол құрылысы тоқтап тұрмақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде