{metadescription}
Алматыда анасы терезеден лақтырып жіберген сәби ауруханадан шықты
Алматыда анасы терезеден лақтырып жіберген сәби ауруханадан шықты

Алматыда анасы терезеден лақтырып жіберген сәби ауруханадан шықты

Алматыда анасы терезеден лақтырып жіберген сәби ауруханадан жазылып шықты. 5-ші қабаттан құлап аман қалған Әдияны әкесінің туыстары қолына алған.  

Ал қыздарын өлімге қиған ана әлі ауруханада. Дәрігерлер оны да жақын күндері шығарамыз дейді. Бірақ сұмдық қадамға барған Жадыра үйіне емес, тіке абақтыға жол тартады. 33 жастағы келіншек қос қызын терезеден лақтырып, артынша өзі де секірген. Салдарынан 8 жасар – Айша қаза тапты. Ал анасы мен 1 жасар Әдия ауыр жараланып ауруханаға түскен болатын. Бұл оқиғаға не себеп болғаны әлі белгісіз. Жадыраның өзі бұл жөнінде дәрігерлерге жақ ашпай отыр екен. Мешітте істейтін отағасы да әйелінің бұл мүшкіл халі туралы білмей келген. Ал дәрігерлер әйелдің жағдайы жақсарып жатқанын айтты.

Нұржан Исабеков, Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі:

-Реабилитациялық ем, симптоматикалық ем және массаж жасалып, қазіргі жағдайы жақсарумен науқас қазіргі таңда ауруханада жатыр. Жақын арада ол науқасты да шығару жоспарлануда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде