{metadescription}
Ақысын төле де, түрмеден шық
Ақысын төле де, түрмеден шық

Ақысын төле де, түрмеден шық

Еліміздің колонияларында жазасын өтеп жатқандар Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістерге  байланысты осындай мүмкіндікке ие болды. Алғашқы болып ақша төлеп бостандыққа Солтүстік Қазақстан облысының түрмесінде отырған 40 сотталушы шықты. Тағы отызының өтініші қазір қаралып жатыр.

Ақтөбелік Талғат Оразалиев заңсыз қару алып жүргені үшін 2 жыл үш айға сотталыпты. 21 жасар жігіт жазасын Петропавлдағы ЕС 164/3 түзету мекемесінде өтеп жүр. Ол қараша айындағы туған күнін үйінде тойлауды армандайды.      

Талғат Оразалиев, жазасын өтеуші:

-Алдағы төрт ай мен үшін өте маңызды. Туған күнім жақындап келеді. Жаңа жылды бостандықта қарсы алсам деймін. Сүйген қызым бар. Анама көмектескім келеді.  

Талғаттың арманы Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістерге байланысты орындалатын түрі бар. Қалған төрт айы үшін оның анасы 42 мың теңге төлепті. Алдағы аптада ол туған жері Ақтөбеге аттанбақ.  

Андрей Бессонов, СҚО прокуратурасының басқарма бастығы:

-Өтелмеген әр төрт күн үшін бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақша төлеу керек. Онда да бұл жеңілдік мерзімінің үштен екісін өтегендерге ғана беріледі.    
Ақша төлеп, түрмеден босап шыққан жан толығымен жазасын өтеген болып саналады. Аса ауыр және бірнеше қайтара қылмыс жасағандар үшін  мұндай бақыт бұйырмайды. Жаңа жобаны жүзеге асыру Солтүстік Қазақстан облысынан басталыпты. Заң күшіне енгелі бері Қызылжардағы түрмелерден 40 адам барлығы мемлекетке 8 миллион теңге төлеп, абақтыдан шыққан. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде