{metadescription}
Түркістанда балабақшада химикат ішіп қойған бүлдіршін хәл үстінде жатыр
Түркістанда балабақшада химикат ішіп қойған бүлдіршін хәл үстінде жатыр

Түркістанда балабақшада химикат ішіп қойған бүлдіршін хәл үстінде жатыр

Балаға абай болмаған! Түркістандағы мектеп жанынан ашылған балабақшада 2 жасар бөбек химикат ішіп, өңеші мен асқазанын күйдіріп алды. Ал тәрбиешілер бірден ауруханаға апарудың орнына марганец ішкізіп, жағдайын тіпті мүшкіл еткен. Кішкентай Нұрислам екі айдан бері ауруханада ем алып жатыр.

Нұрисламның күндегі көргені осы. Анасы Ақжібек мейірбикелермен бірге бүлдіршінін шырылдатып отырып, сыртындағы жарасының дәкесін ауыстырып, жалғанған түтігін залалсыздандырады. Күнара Шымкенттегі балалар ауруханасына барып, күйген өңешін кеңейтеді. Әйтпесе, асқазанына тамақ өтпейді.

Қайрат Ізбасов, ОҚО балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі: 

-Өңешке қаншалықты тереңдікке күйгенін біз болжап айта алмаймыз. Бірақ ерітінді болғаннан кейін, қатты күйдіреді. Сондықтан, бұның емделу ұзақтығын қанша уақыт емделетінін кесіп айту қиын.

Ал мынау Нұрисламның күйген сәттегі фотолары. Ауызы от жалағандай. Оқыс оқиға 18-ші тамызда Түркістандағы Бигелдинов атындағы мектептің шағын орталығында болды. Жөндеу жұмыстары кезінде тәрбиешілер бір-біріне сеніп, балаларды қараусыз қалдырған. Сол кезде су іздеген Нұрислам құтыдағы химиялық ертіндіні ішіп қойыпты. Баланың құсып жатқанын көрген күтушісі мен тәрбиешісі сол күні жұмыстан ерте кетіп қалған мейірбикенің кеңесімен марганец сұйықтығын ішкізген. Бөбектің анасы содан бері мектеп ұжымымен қырқысып жүр.   

- Саған бізден басқа кім көмек беріп жатыр айтшы? Кім көмек беріп жатыр?

– Көмегіңіз қане маған?

– 250 мың теңгені көмек деп отырсыз ба?

Баланы бақылай алмадық деп кінәні мойнына алған қызметкерлер содан бері тынымсыз ақша жинап жатырмыз деп ақталды. Ал тәрбиеші жұмыстан қуылыпты. Әдіскер күтуші қызметіне дейін төмендетілсе, мейірбике ескертумен құтылған.

Ақжібек Саттарова, Нұрисламның анасы:

-Осы іске қатысы бар адамдар жазаланса, мақұл бұл жазым деп қоя салмай. Заң не үшін? Менің баламның болашағы не болады? Тіпті дәрігерлердің өзі айта алмайды қанша уақытта жазылатынын екі жылда ма, бір жылды ма?

Зар илеген ана істі тергеп жатқан тәртіп сақшыларына да шүбә келтіріп отыр. Ал полицейлер істің созылуын әйелдің сәбиімен үнемі ауруханада жатқанымен түсіндіреді.

Қазір Түркістандық полицейлер болған оқиғаға байланысты салақтық бабы бойынша іс қозғады. Бірақ тергеудің тым созылып кеткенінен секем алып отырған Нұрисламның жақындары енді прокуратураға шағым түсірмек. Жалғыз ұлы жарымжан бола жаздағанына қапалы анасы білім ошағында тыйым салынған сілтіні әкелуге рұқсат берген мектеп басшыларына да қатысты арыз жазбақшы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде