Астанада «Әл-Баракат» компаниясының басшысы тұтқындалды
Астанада атышулы «Әл-Баракат» құрылыс компаниясының басшысы ақыры қамауға алынды. Сарыарқа ауданының соты Бақытжан Тойымбетовке қатысты осындай шешім шығарды.
Автор: Досжан Маратұлы
09.10.2015
Аты дауға қалған құрылыс компаниясының бас директорына «алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Яғни, тұрғын үй нарығында небары 1 жарым жыл жұмыс істеген компания салымшылардан заңсыз ақша жинады деген күдікке ілінген. Енді Бақытжан Тойымбетов тергеу біткенше қамауда отырады. Одан кейінгі тағдырын сот шешуі тиіс. Естеріңізде болса, былтыр осы «Әл Баракат» құрылыс компаниясын Астана әкімдігі «алаяқ» деп жариялаған. Тіпті, «Әл Баракаттың» тұрғын үй салуға лицензиясы жоқ деп, салымшылардан алдап жатқанын айтқан еді. Десе де Тойымбетовтың өзі мұны бизнестегі бәсекелестерінің әрекеті екенін алға тартып, әкімдік алында қарсылық шарасын да ұйымдастырғаны есте.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!