Қызылорда облысы журналист Руслан Бөлебайды еске алды
Қызылорда облысында «Алтын күз» жәрмеңкесінің аясында Руслан Бөлебай ауылы бой көтерді. Өмірден қыршын кеткен әріптесімізді жерлестері осылайша киіз үйлер тігіп, түрлі мәдени шаралар өткізіп, еске алды.
Автор: Олжас Байжан
15.10.2015
Журналистика саласына ерте араласқан Руслан жастайынан бірнеше мерзімді басылымдарда тілші болды. 2 жылдай КТК арнасында да еңбек етті. Одан кейін «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасын жүргізген. Әріптесіміз осыдан 6 жыл бұрын көлік апатынан қаза тапқан болатын. Бар жоғы 24 жыл ғұмырында ол әншілік қырынан да танылып үлгерді. Өмірден ерте кеткен талант иесін еске алу шарасына туған өлкесі – Шиелі өңіріне жұрт көп жиналды.
Әбдісаттар Бөлебай, Русланның әкесі:
-Шиелінің тумасы, Қазақстанға белгілі болған, елдің, халықтың баласы атанған Руслан Бөлебайдың да қара үйі тігіліп, соған жан-жақтан қонақтар келіп жатыр. Жаста болса еске алып, құрметтегеніне шын жүректен алғысымды білдіремін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!