Үкімет құрылысы тоқтап қалған үлескерлердің үйін бітіріп бермек
Үлес құрылысқа Үкімет кепілдік бермек! Баспана бағасын айтарлықтай арзандатуға септігі тиеді деген заң жобасы бүгін Мәжілістің талқысына түсті.
Автор: Досжан Маратұлы
15.10.2015
Экономика министрлігі дайындаған құжатқа сәйкес, мемлекеттің 15 миллиард теңгесіне арнайы қор құрылмақ. Үлескерлер қаржы құйған құрылыстың қалайда аяқталуына сол қор арқылы кепілдік беріледі дейді заң жобасының авторлары. Кепілдік алатын компанияларға да талап күшті. Материалдық-техникалық базасын нықтауы өз алдына, Үкіметке арнайы жарна да төлеуі тиіс. Егер кепілдік берілген мұндай компания шығынға батып, үйді сала алмай жатса құрылысты Үкімет аяқтайды. Кез-келген азамат енді басталған құрылыстың қалай да бітетініне көзі жеткен соң үлес құрылысқа қайтадан қатысады деген сенім бар. Ал бұл банктің ипотеканың қарызына белшеден батқаннан тиімді дейді шенеуніктер. Әрі баспана бағасын да біршама арзандатуы мүмкін.
Қайырбек Өскенбаев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:
- 10 пайызға тұрғын үйлердің бағасы төмендеу болатын шығар. Бірақ ол құрылыс бағасына ғана емес сұранысқа да байланысты ғой. Өйткені, Астанада бір баға болса, Көкшетауда бір ғана. Бірақ құрылыстың бағасы арзандайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!