Каспийде суға кеткен сарбаздардың өліміне қатысты тергеу қортындысы шықты
Каспийде сарбаздардың өмірін жалмаған жантүршігерлік жағдайға қатысты тергеу қорытындысы жарияланды. Қорғаныс министрлігі оқу жаттығу кезінде 4 жауынгердің БТР-мен бірге суға батып өлуіне жеке құрамның өздерін кінәлады.
Автор: Досжан Маратұлы
15.10.2015
Яғни, қайғылы жағдайға әскерилердің қарапайым ережелерді сақтамауы себеп болған. Әрі командирлер де сарбаздарға дұрыс бақылау жүргізбепті. Жантүршігерлік жағдай өткен айдың 18-і күні Каспий теңізінде болған. «Орталық-2015» оқу-жаттығуы кезінде қос БТР суға батып, ішіндегі 4 сарбаз тұншығып өлген еді. Қайғылы оқиғаға орай, қылмыстық іс қозғалып, «Батыс» аймақтық қолбасшылығының қолбасшысы мен оның қос орынбасары және Теңіз жаяу әскерлері бригадасының командирі жұмыстан қуылған болатын. Бірақ, шенділердің енді ешқайсысы сотталмайтын сыңайлы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!