{metadescription}
Астана Ресей зымырандарының қалдығын Маңғыстау облысына құлатуға рұқсат етті
Астана Ресей зымырандарының қалдығын Маңғыстау облысына құлатуға рұқсат етті

Астана Ресей зымырандарының қалдығын Маңғыстау облысына құлатуға рұқсат етті

Астана Мәскеуге әскери сынақ алаңынан ұшырылған зымырандарының қалдығын құлатуға рұқсат берді! Яғни, Орынбор облысы аумағынан ұшырылған зымырандар енді Маңғыстауға құлайтын болады. Жерді жалға алғаны үшін Ресей 125 миллион теңге бермекші. Мұндай келісімге  бүгін Ақордада қол қойылды.  Нұрсұлтан Назарбаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Ресей президентімен  Каспийдің солтүстігіндегі ең ірі мұнай кенішін бірге игеруге уағдаласты. Кездейсоқтық па әйтеуір бүгін біртүсті галстук таққан Назарбаев пен Путиннің ойлары да бірден жерден шығып жатты. Банкетпен аяқталған Ақордағы кездесу...

йлы Ербол Сейілхан толығырақ.

Биылдыққа Назарбаев пен Путин 12 рет кездесіп, 11 мәрте телефонмен тілдескен екен. Ең көп жолықса да, Ресей президенті араға 4 жыл салып елімізге мемлекеттік сапармен келіп отыр. Мұны ерекше оқиғаға теңеген Назарбаев, Ресеймен достық қазақтардың ұлттық мүддесіне сай келеді деп ағынан жарылды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Казахстан был и будет и остается ближащем и надежным соседом и союзником Российской  Федерации. Во всех перепетиях жизни. Я хочу чтобы об этом все знали. Потому что это отвечает коренным,интересам казахского народа,и казахстанцев надеюсь также для России.

Бұл сөзге жылы жымиған Путин Батыспен арадағы санкциялар соғысынан қос мемлекеттің арасындағы алыс-берістің азайғанын  мойындады. 

Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті:

-Да, вы правы сейчас мировая экономика и наши переживают не лучшие времена, к сожалению здесь есть субьективные обьективные факторы. Хочу отметить небольшой снижение обьема, но инвестиции есть.

Сондай-ақ, Ресейдің  енді Орынбор облысындағы әскери сынақ алаңынан ұшырылған зымырандары  Ақтөбені  басып өтіп, ал қалдығын  Маңғыстау облысы аумағына құлататын болды. Бұл келісімді бүгін құжатпен бекітіп берген Астанаға Мәскеу жылына 125 млн теңге төлеп тұрмақшы. Көршілеріміз экологиялық талапты да бұлжытпай сақтауға ант-су ішіп отыр. Айтпақшы, Назарбаев пен Путин Каспий теңізінің Солтүстік бөлігіндегі «Орталық» деп аталатын ең ірі кеніштен бірлесіп мұнай мен газ игеру жөніндегі хаттамаға да  қол қойды.

Жеке кездесуде уақыт шектеулі болса керек, Путин кейбір сұрақтарды әріптесіне тура баспасөз мәслихатының үстінде қағазға жазып көрсетіп отырды. Ауғанстан, Сирия, Ирактағы соғыстың Орталық Азияға жайылуы мүмкін екені мемлекет басшыларын қатты алаңдатып отыр. Бұған іргедегі Тәжікстан мен Түркіменстан шекарасындағы арандатушылық әрекеттер дәлел. Осы жерде Елбасы лаңкестікке қарсы Ислам форумын құруды ұсынды. Бұл мұсылман елдеріне қарсы көзқарасты түбегейлі өзгертуі тиіс.

Ресми келіссөздер аяқталған соң Ресей президентінің құрметіне Ақордада дастархан жайылды. Орыс делегациясы Елбасының сарайында  түстеніп, ал Назарбаев пен Путин қос елдің достығы үшін бокал көтерді. 

Ақордадағы кездесулер енді Бурабай баурайында жалғасады. Ертең табиғат аясына ТМД мемлекет басшылары түгел жиналып, саммитке қатысады. Осы жерде жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы да өтпек. Сондықтан Назарбаев пен Путинге кез-келген тақырыпты асықпай талқылауға әлі уақыт жетеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.