Ақтауда тізгінге ие болмаған жүргізуші қыз үлкен бағанаға соғылды
Ақтауда жүргізуші қыз қымбат көлігімен электрондық сағаттың бағанасын соғып құлатты. Оқиға түн ортасында орталық көшеде болған. Бағананың бір жағында уақыт пен ауаның температурасы көрсетілсе, бір жағындағы экран жарнама көрсетуге арналған. Қатты жылдамдықпен келген жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, бағананы соға тоқтапты. Жүруге жарамсыз болып қалған «Лексусты» эвакуатор алып кетсе, жарнама қалқаны да қайта қалпына келтірілмейтін жағдайда. Ал апат себепкері болған ару мен көлікте болған екі құрбысы дін аман.
Автор: Сандуғаш Шортанова
16.10.2015
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
Серіктестер жаңалықтары