{metadescription}
Астанада қызға аяқ көтерген «каратист» жігіт жазадан құтылып кетті
Астанада қызға аяқ көтерген «каратист» жігіт жазадан құтылып кетті

Астанада қызға аяқ көтерген «каратист» жігіт жазадан құтылып кетті

Астанада қызға аяқ көтеріп аты шыққан Қуаныш Туракелдиев жазадан құтылып кетті. Күллі елдің назары ауған дау ақыры тараптардың мәмлеге келуімен аяқталып отыр. Кассир қыз аяқасты «каратист» жігітке ешқандай өкпесі жоғын айтып, арызын қайтарып алыптыған.

Сөйтіп, «бұзақылық» бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс ақыры жабылып тынды. Естеріңізге салсақ, оқиға өткен айда болған. Кинотеатрға ғашығымен келген бай баласы бармен қыздың сатқан сусынын жақтырмай жұдырық ала жүгірген еді. Бақылау камерасына жазылған бұл жәйт ғаламторға тарап, күллі елдің жағасын ұстатты. 22 жастағы Қуаныш Турагелдиев премьер-министр кеңсесінің бас инспекторы Болат Турагелдиевтың ұлы екенін айта кетейік. Осы дау-дамайдан кейін шенеунік қызметінен де кеткен болатын.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.