{metadescription}
Көкшетауда адамдар алаяққа миллондарын ұстатып алданып қалды
Көкшетауда адамдар алаяққа миллондарын ұстатып алданып қалды

Көкшетауда адамдар алаяққа миллондарын ұстатып алданып қалды

Ұлттық банкте істегеніне иланып, жиған-тергендерін қолға ұстатқан. Көкшетауда алаяқ әйел пәтер алуға көмектесем деп 45 адамды тақырға отырғызды. Әрқайсысы миллиондап ақша берген, тіпті араларында 6 миллион теңгесін апарып бергендер де бар. Қазір іс сотқа жеткен. Дегенмен ақшасын қайтарып алудан дәмелі тұрғындар әділ шешім шығарына сенбейді. Өйткені, банктың экс-қызметкерінің туыстары лауазымды қызметтерде істейді екен.

Жылдап баспанасыз жүрген адамдар Аягүл Қасымованы тыңдап, мәселелерін шешудің оңтайлы жолын таптық деп ойласа керек. Сол кездегі Ұлттық банк қызметкері кешікпей баспаналы боласыңдар деп әрқайсынан миллиондап ақша жинап алған. Сөзі сенімді болуы үшін тіпті бала-шағасымен таныстырыпты. Бірақ алданғандарын жұрт кейін түсінген.

Динара, зардап шегуші:

-Бәрі заң бойынша деп сендірді. 5 жыл тұрмыстамын, күйеуіміз екеуміздің жалақымыз несиеге баспана алуға жетпейді. Ол кісі менің бастық таныстарым көп деп қорқытты.

Сотқа шағымданғандардың арасында 6 миллион теңге беріп, алданғандар да бар. Гүлсара Шаяхметова осы соманы табу үшін шағын кондитерлік цехын сатып жіберген. Сан соғып, сенделген тұрғындар енді соттың да әділ шешім шығарарына күмәнді.

Гүлсара Шаяхметова, зардап шегуші:

-Жазаға тартыла қоймас. Туған апасы облыстық соттың судьясы. Тағы бір апасы прокурор. Ол кімнен қорқады. Қазір бостандықта жүр, 900 мың теңге кепілдік төлеп шығарып алған. Сасатын Аягүл жоқ. Ұлттық банкте істеп жүрген соң сендік қой. 45 адамды алдады.

Сол 45 адамға мына үйден пәтер уәде етіліпті. Бірақ, жұрт қазір үй түгілі Аягүлдің өзін таба алмай жүр.

Алаяқтық жасап, жұртты алдады деген күдікті қылмыстық іс қозғалған соң 10 жылдай қызмет еткен Ұлттық банктен кетіп тыныпты. 37 жастағы әйелдің жеке ломбарды да бар екен. Сондықтан жұрт оны темір торға қамағаннан бұрын, ақшасын қайтарғылары келеді. Егер шенді туыстар арашалап алмаса, алданған 45 адамның соттан бар тілегі осы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде