{metadescription}
Алматыда көп мақталған автобустағы жаңа төлем жүйесі дауға ілікті
Алматыда көп мақталған автобустағы жаңа төлем жүйесі дауға ілікті

Алматыда көп мақталған автобустағы жаңа төлем жүйесі дауға ілікті

Алматыда жаңадан іске қосылған электронды төлем жүйесі екі апта өтер-өтпестен жолаушылардың наразылығын тудырды. Зейнеткерлер таң атқаннан кезекке тұрып, тиесілі төлем картасын ала алмай жатса, қолына алып үлгергендер жолақысын төлей алмай жүр. Осылайша, әрқайсының құны мың жарым еуродан асатын мақтаулы терминалдар жолаушыларға тұрақты қызмет көрсете алар емес.

Алагеуімнен басталған ұзын-сонар кезектің бұл түс қайта азайғаны. Бостандық аудандық жұмыспен қамту бөлімінде есікке телмірген кәрі-құртаң топырлап тиесілі төлем картасын алуға келіп тұр. Кезегін күте шаршағандардың кейбірі сол жерде азын-аулақ жүрек жалғауға көшкен.

Екатерина Еценко, Алматы қаласының тұрғыны:

-75 жастан асқандарға 20-нан кейін келіңдер депті. Бағдарламасы дайын емес екен. Ал 75 жасқа дейінгі біздер өткен аптада талон алғанбыз. Бүгін суретке түсуге келіп отырмыз. Одан соң қашан алатынымыз белгісіз. Осылай сандалып жүрміз.

Ал, автобустарға орнатылған жаңа қондырғылардың көп өтпей техникалық кемшіліктері де көріне бастаған. Бір жерде төлем картаның ішіндегі қалдық ақша көрінбейді. Тіпті, төлемді қабылдамай жатқандары көп. Мұның барлығын жоба авторлары уақыттың тығыздығымен байланыстырды. Жартылай дайын жүйені әкімдіктің тапсырмасымен қосуға мәжбүр болдық дейді.  

Рифат Абдураманов, «Алматы көлік холдингі» ЖШС өкілі:

-Жаңа жүйені бірінші қаңтарда іске қосайық дегенбіз. Бірақ, әкімдік қазанда бастау туралы тапсырма берді. Біз де уақытты созбай, дереу іске кірісіп, техникалық кемшіліктерін уақыт өте жөндей береміз дедік. Екі аптаның ішінде біраз олқылықтары түзеліп те қалды. Айдың аяғына дейін бәрін реттеп, қалтқысыз қызмет ететіндей қыламыз.  

Осылайша «Оңай» деп аталатын жол жүру билеті басынан-ақ ойай болмай тұр. Әлі қанша жалғасары да белгісіз. Әйтеуір, жоба авторлары техникалық олқылықтарды осы айдың аяғына дейін реттейміз деп уәдені үйіп-төкті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде