{metadescription}
0:000:00
Көкшетауда ата-аналар балаларын мектепке жіберуден қорқады

Көкшетауда ата-аналар балаларын мектепке жіберуден қорқады

Көкшетаудағы ең үлкен мектепте оқитын 1800 оқушының ата-анасы балаларының қауіпсіздігі үшін алаңдаулы. Өйткені білім ошағының жанындағы жолдан бала түгілі ересек адамның өзінің өтуі қиын. Жол белгілері қойылмаған. Тым құрыса, жаяулар жолағы да жасалмапты. Осы мәселені айтып, жұрт қыркүйек басталысымен құзырлы орындарға талай шағымданған. Бірақ селт еткен жан жоқ. Жақында осы жерде жол апаты болғалы бері ата- аналардан тіпті маза кетті.

Мектептің дәл жанындағы қиылыста екі көліктің соқтығысуы ата-аналарды кәдімгідей шошытты. Әйтеуір, зардап шеккен жан жоқ. Қазір олар бастауыш сыныптағы балаларын қолдарынан ұстап әкеліп, әкетеді. Бұл да қауіпсіздікті толық қаматамсыз ете алмайды дейді ата-аналар. Өйткені сабақ ерте аяқталып қалса, балалар жолдан өтіп үйлеріне өздері қайтады.

Құмарғали Досов, оқушының әкесі:

-Мектепте балалар өте көп. 1 жыл болды  айтқалы, аппат көп. Өте қорқамыз, белгі  қою керек.

Мектептің арғы бетінде салынып жатқан ықшамауданға жүк көліктері жиі қатынайтын болған. Қайғылы жағдай болмайынша, мәселенің шешілетін түрі жоқ деп қынжылады тұрғындар.

Ал мектеп басшылығы қол қусырып отырмағанын айтты. Бірақ өздерінен жоғары басшылыққа қысым жасай алмаймыз дейді.

Ғалым Сарбасов, мектеп директоры

-Инстанция бойынша өз басшыларымызға хабарласуымыз керек. Өз басшыларымызды аттап кете алмаймыз ғой.

- Субардинация дейсіз ғой?

- Иә, иә, хат жолданды.

Екі ай бұрын хат жолдаған мектеп директоры әлі жауап алмаған. Ал полицейлер жол белгілерінің өлшемдерін жасап, өз міндетімізден құтылдық деп отыр.Ендігі мәселе қаржыға кеп тірелді. Жаяу жүргіншілерге арналған жолақ пен ескерту белгілері үшін бюджеттен бақандай 3 миллион теңге    қарастырылыпты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде