Шымкентте жылу маусымына дайындық үлкен дауға ұласты
Шымкентте жылу маусымына дайындық тұрғындар үшін нағыз азапқа айналды. Қаладағы құбырларды қысыммен тексеру кезінде былтырдан қалған су көпқабатты тұрғын үйді толығымен алып кеткен. Үйдің шатырындағы құбырдан төпелеген су 4-ші қабаттан бастап бүкіл подъезге жайылыпты. Ал ақжағалылар жұртқа келген шығынды өтемек түгілі апатқа тұрғындардың өзін кінәлап отыр.
Автор: Бек Әбиев
20.10.2015
Таңғы сағат 11-ден бастап тұрғындар осылайша төбеден аққан сумен арпалысып жүр. Су пәтерлердің аспалы шамынан да, қабырғаның өзінен де кетіп жатыр. Тұрғындар сол астаң-кестеңі шыққан пәтерлерінен малмандай су заттарын шығарып әуреге түсуде.
Айна Ақбаева, Шымкент қаласының тұрғыны:
-Төбеден мынаның бәрін қарасаңызшы түсіп жатыр ғой. П олдың өзі тобықтан су келіп тұр ғой Мұздай су жалаңаяқ сүртіп алдық бәріміз.
Пәтерлердің мұндай хәлге түсуіне ескертусіз қысыммен су жібергендерді кінәлайды. Жұрттың сөзінше жылу маусымына осындай дайындық жайлы не энергоорталықтан, не әкімдіктен бір адам келіп туралы айтпапты. Тіпті құбырлардың жағдайын тексерген жан болмаған.
Тұрсынқұл Мырзахметов, Шымкент қаласының тұрғыны:
-20 күн бұрын 2 адам келді слесарьміз деп подвалды ломмен ашып, сосын үстіне 2-3 жерден кран ашқан. Жылу қосқанда циркуляцияға қойғанда бір адам бақылау жасау керек. Ол да болмады. Қосып жүгіріп кетіп қалған.
Жұрт шулаған соң таңертеңнен шақыртқан жұмысшылар да, басшылар да келді. Олар судың неден кетіп жатқанын анықтап берді. Сөйтсе, шатырдағы құбырдың екі жерінен суды ашып жабатын тетік ұрланыпты. Соны тұрғындардың өзінен көріп отыр.
Бақтияр Салиев, әл Фараби ауданы әкімдігінің бас маманы:
- Элеватордағы вентильді бір тұрғын шешіп әкеткен. Әр тұрғынға біз есеп бере алмаймыз. Содан қазір екі жерде вентиль жоқ. Содан атып жіберген. Жоқ жерге вентилін әкеп, жаңағы мекемені шақыртып орнату керек. Одан кейін жылу маусымына қостырып береміз.
Бұл үйдегі жұрт жылу маусымына құбырларды тексеруден өткізбепті. Ол үшін тұрғындардың өздері құбырларға қызмет көрсететін жекеменшік компаниялардың бірімен келісім-шарт жасауы тиіс. Сондықтан тұрғындар өз қотырын өзі қасысын деген басшылар өтемақыға көк тиын да берілмейді деп кесіп айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары