{metadescription}
Қарағандыда жиһад жасау үшін Сирияға аттанған қазақ жастары туралы спектакль қойылды
Қарағандыда жиһад жасау үшін Сирияға аттанған қазақ жастары туралы спектакль қойылды

Қарағандыда жиһад жасау үшін Сирияға аттанған қазақ жастары туралы спектакль қойылды

Сирияға аттанып, лаңкестердің қатарына қосылған қазақ жастары спектакльдің тақырыбына айналды. «Адасқандар» атты пьеса Қарағандыдағы қазақ драма театрында сахналанды.

Қойылым желісі теріс ағымның ықпалында кеткен Баянғали есімді жас жігіттің өмірі жайында өрбиді. Санасы уланғаны сонша, жүріс-тұрысын түбегейлі өзгерткен ол алдына кес-кестеп шыққан ата-анасын да кеудеден итереді. Ақыры, баласы мен жұбайын алып, бір топ жаспен Сирияға аттанды. От пен оқтың арасына түсіп, жолынан жаңылғанын сезіп, райынан қайтқанымен, өзі де әйелі де қаруластарының қолынан ажал құшады. Пьеса авторы – драматург Кеңес Жұмабеков бұл тақырыпқа қалам тартпас бұрын, әбден зерттеген. Тіпті куәгерлермен жүздесіп, олармен әңгімелескен екен.

Кеңес Жұмабеков, драматург:

-Әлі мектепке бармаған бала автоматтың түр түрін айтқан кезде, автоматты шашып жинаған кезде масқара . Ана жаққа әке шешесімен барған кезде үйренген ғой. Әкесі қайтыс болғанда, шешесімен қайтып келген гой. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде