Елімізде қатерлі дертке шалдыққан науқастардың мұңы көп
Қатерлі ісік ауруына шалдыққандар көмекке мұқтаж. Себебі емі жоқ кеселге душар болған жүз мыңнан астам науқас өздерін далада қалғандай сезініп отыр.
Автор: Ербол Сейілхан
22.10.2015
Осы кезде, елімізде жыл сайын 16 мың адам ісіктен көз жұмады. Марқұмдардың көбі республикалық хосписта терапиядан өтіп ем алып үлгермеген. Ал жазылмайтын ауруға тап болғандарға қолұшын беретін орталық Алматыда 15 жыл бұрын ашылса да, бар-жоғы 15 кісіге шақталып салыныпты. Қазір елімізде 6 хоспис бар. Бірақ бұл, туберкулез, рак , басқа да қатерлі дертке шалдыққандардың бәрін қабылдауға қауқары жетпей отыр. Оның үстіне сырқатын сәл де болса басатын дәрі де жетіспейді. Бүгін Астанада жетекші онкологтар бұл мәселені халықаралық деңгейге шығарып, еуропалық әріптестерінен көмек сұрады. Сөйтіп, аты жаман ауруға шалдыққандарды емдеудің жаңа әдісін енгізбек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!