Қостанайда бір күнде 350 ұялы телефон жымқырған ұры рекорд орнатты
Қостанайдың тәртіп сақшылары ұрыдан тәркіленген 350 ұялы телефон, құндыз тон мен 4 қымбат сағаттың иелерін іздеп жатыр.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
22.10.2015
Мына дүниенің бәрі осыдан 11 күн бұрын ғана түрмеден босап шыққан ұрының үйінен табылған. Ол 15 жылын осы сұғанақтығы үшін абақтыда өткізіпті. Қолды болған дүниелердің бірсыпырасы одан арзанға сатып алған адамдардан тәркіленді. Күдікті үстіне ұрланған күртешені киіп алғандықтан, қылмыстан жалтара алмады. Сөйтсе, 35 жастағы нашақорға күніне 5 мың теңгенің есірткісі керек екен. Тәртіп сақшылары ол кем дегенде бес үйді тонаған деп отыр. Ұры ішке пластикалық терезенің жақтауын майыстырып кіріп отырған көрінеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!