Алматыда сынып ішіндегі шам құлап оқушының саусағын сындырды
Алматыда сынып ішіндегі шамның сыртқы қаптамасы құлап, оқушы қызды мертіктіре жаздады. Әйнек 3-ші сынып оқушысының саусағын сындырып жіберген. Ал оның ата-анасы осы оқыс жағдай үшін мектеп ұжымын кінәлауда.
Автор: Ербол Тұрымбет
22.10.2015
Тура сабақ кезінде құлаған аспалы шам қаршадай қыздың оң қолының шынашағын сындырып жіберіпті. Ашуға булыққан ата-ана мектеп директорын түтіп жеді. Сабақ кезінде болған оқиға туралы ата-анасы тек баласын мектептен алып кетерде бір-ақ білген. Фортепианода ойнайтын 9 жасар Дарья халықаралық жарыстарға қатысып жүрген талапты қыз екен. Әке-шешесі енді баланың болашағына алаңдап отыр. Ал мектеп директоры бұны жазатайым жағдай деп ақталды.
Манат Әшірбекова, №103 мектеп-гимназияның директоры:
-Класс жетекшісі баладан қандай жағдайда екенін сұрады. Бала қатты ауырмайтынын айтты да, содан кейін екі сабақ отырды. Әрине мен өзімді кінәсізбін деп айтпаймын ғой. Енді бұл көріп отырсыз, «қайғылы жағдай» дейміз ғой.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!