{metadescription}
Шымкентте полицейдің кесірінен 50 жастағы әйел қаза тапты
Шымкентте полицейдің кесірінен 50 жастағы әйел қаза тапты

Шымкентте полицейдің кесірінен 50 жастағы әйел қаза тапты

Шымкентте полиция қызметкерінің кесірінен жолаушы қаза тапты.  Инспектор көлігімен жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, өзге көлікпен соғысқан. Салдарынан, бір адам көз жұмса, тағы біреуі ауыр хәлде ауруханада жатыр. Ал лейтенант оқиға орнынан жаяу қаша жөнелген. 

Полицейдің Мерседесі де, ол соқтыққан Жигули де жөндеуге жарамсыз боп қалды. Апатқа кінәлі - 24 жастағы Қаратау аудандық полиция бөлімінің лейтенанты оқиға орнынан із суытып үлгерген. Ал, апаттан зардап шеккен ресейлік көліктегі 50 жастағы әйел сол жерде тіл тартпай кетсе, жүргізушісі ауыр хәлде жатыр. Оқиға орнынан қашып кеткен лейтенант көп ұзамай ұсталып, қамауға алынды. Учаскелік полицей енді 2 бірдей бап бойынша қылмыстық жауапқа тартылатын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде