{metadescription}
Өскеменде таңғажайып құбылыс болды
Өскеменде таңғажайып құбылыс болды

Өскеменде таңғажайып құбылыс болды

Қызыл көлшіктің құпиясы! Өскемендегі су айдынының кенеттен қызыл түске боялу себебі анықталды. Табиғаттың тосын құбылысынан шошып қалған тұрғындар жергілікті экологтарға жүгінген болатын.

Қаланың қақ ортасында орналасқан көлшік таяуда ғана қызыл түске енген. Табиғаттың мұндай құбылысына қатысты жергілікті тұрғындар түрлі болжамдарын айтты. Бірі қызыл түс көлге тасталған улы қалдықтардан пайда болды десе, кейбірі мұның себебін тау жыныстарымен байланыстырды. Суы онсыз да лас болған көлшіктің жанында балабақша, мектеп, тіпті тұрғын үйлер де орналасқан. Дегенмен, экологтар түсі өзгерген судың еш зияны жоқ деп отыр. Судың түсі жиналған қанқызыл түсті бактерия салдарынан өзгеріпті. Бұған ауа-райының тым ыстық болуы да себеп екен. Көлшікте оттектің орнына күкіртті сутек пайда болған. Экологтар мұндай бактериялар керісінше көлдің суын тазартады дейді.

Елена Филиппова, ШҚО бойынша экология департаментінің қызметкері:

-Мұнда қанқызыл және сұр түсті бактериялар көбейіп кеткен. Осындай табиғат құбылысының салдарынан су айдынының түсі өзгеріп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде