Павлодарда жұрт сирек кездесетін ағаштардың оталуына қарсы шықты
Павлодарда үйлерінің маңындағы ағаштардың жаппай кесіліп жатқанын көрген жұрт шу шығарды. Сөйтсе, жергілікті билік жасыл желекті оның түбінен таса іздейтіндерді қуу үшін отап тастауды жөн көріпті. Себебі, қалың ағаш көмкерген Усолка өзенінің жағасында қайғылы жағдайлар мен небір қылмыстар жиі болады.
Автор: Әйгерім Шакаманова
26.10.2015
Бұл – осыдан тура бір жыл бұрын электр желілерінің тартылуына қарсы шыққан Усолка ықшамауданының тұрғындары. Жұрттың бұл жолғы наразылығына ағаштардың жаппай оталуы себеп.
Рахима Рамазанова, Павлодар қаласының тұрғыны:
-69 жыл мына ағаштар өсіп тұрды. Енді оны 69 жылға дейін кім өсіреді? Ешкім өсірмейді.Тастан гөрі ағаш жақсы бізге. Ауасы да жақсы. Ағаштан айтып кеткенімдей судың ылғалы бізге келмейді. Толқынды сақтап өзен бізге қарай жылжымаушы еді.
Теректерді экскаватормен қопарып тастаған жұмысшылар әкімдіктің тапсырмасын орындап жатқанын айтып, жұрттың қарсылығын пысқырған да жоқ. Ал атқамінерлер қалың ағаштың арасында қылмыс пен қайғылы оқиғалар жиі болатындықтан, жасыл желекті отауды ұйғарыпты.
Александр Носков, Павлодар қалалық судан құтқару станциясының бастығы:
– Тәулік бойы кезекшілік етсек те, осы ағаштардың кесірінен жағажайдағы кейбір жайттарды көре алмай қаламыз. Сондықтан біразының кесілгені біз үшін қолайлы. Өйткені біреулер осы талдардың түбінде саялап, кейін суға батып кетеді. Маскүнемдер жиналып, пышақтасып жатады.
Ал жын-ойнақтың ортасына айналған қарағайлы саябақтың орнын халық демалатын көрікті жерге айналдырамыз деп уәде беруде шенеуніктер.
Жаз бойы бұл маңда суға түсіп демалатын жұрт онсыз да сирек кездесетін мына ағаштардың жаппай кесілгенін көргенде көздеріне жас алғандарын айтады. Ал жасыл желектің жоспарларына кедергі болғанын жеткізген шенеуніктер алдағы уақытта аумауқта заманауи жағалаудың пайда болатынын айтты. Оның құрылысына республикаплық бюджеттен 800 миллион теңге бөлініп те қойған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары