{metadescription}
Петропавлда Мағжан Жұмабаев тұрған үй үлкен дауға қалды
Петропавлда Мағжан Жұмабаев тұрған үй үлкен дауға қалды

Петропавлда Мағжан Жұмабаев тұрған үй үлкен дауға қалды

Петропавлда ақиық ақын Мағжан Жұмабаев тұрған үй дауға себеп болды. Қазір оның сыртқы келбеті өзгертілгелі жатыр. «Тарихи сәулет ескерткіші» деп танылған ғимараттың иесі үйге жапсарластырып жаңа құрылыс бастамақшы. Бұған сәулет басқармасы рұқсат берген. Бірақ тарихи ғимаратқа көрші орналасқан бес қабатты үйдің тұрғындары ғана жан-жаққа шағымдануда.

Екі қабатты мына үйді өткен ғасырдың 20 жылдары Әлібай Мұхамедьяров деген көпес салыпты. Оның Зылиха есімді қызына үйленген  ақиық ақын Мағжан Жұмабаев 1922 жылға дейін қайын атасының осы үйінде тұрған. Сәулет ескерткіші деп танылған ғимарат 90-шы жылдары жеке меншікке сатылып кетті. Қазір мұнда коммерциялық газеттің редакциясы мен түрлі кеңселер орналасқан. Енді бизнесін кеңейтпек болған кәсіпкер ескерткіштің оң жағына жаңа нысан салмақшы.

Олеся Бондарь, Петропавл қаласының тұрғыны:

-Меніңше, құрылыс иесі ақынның әруағын таптап тұр. Сәулет ескерткішін мұражай ету керек. Елімізде ақын тұрған үйлер көп емес. Ал олар мұнда жаңа құрылыс бастап, бизнестерін кеңейтпекші. Сонда бір адамның мүддесі ертеңгі ұрпаққа қалатын рухани ескерткіштен артық па? 

Бір қызығы тарихи ескерткіштің сыртқы келбетін өзгертуге оны қорғауға тиіс шенеуніктер қарсы емес.  

Людмила Сорокотяга, СҚО мәдениет және сәулет басқармасының бөлім басшысы:

-Құрылыстың тарихи нысанға еш кесірі тимейді. Жаңа ғимарат сәулет ескерткішінің сол жақ қабырғасын жел мен күннен қорғайды. 

Кәсіпкер осыдан бірнеше жыл бұрын сәулет ескерткішінің сол жағына  жапсарластырып дәмхана салыпты. Оған да шенеуніктер кезінде көз жұма қараған. Ал енді оң жағына тұрғызылатын жаңа нысанға көрші тұрған үйдің тұрғындары қарсы. Айтуларынша, биіктігі жеті метр ғимарат оларға күннің көзін көрсетпейтін түрі бар.     

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде