{metadescription}
Алматыда жеңіл машина инкассатор көлігін соғып, төңкеріп тастады
Алматыда жеңіл машина инкассатор көлігін соғып, төңкеріп тастады

Алматыда жеңіл машина инкассатор көлігін соғып, төңкеріп тастады

Кішігірім машинаның екпініне шыдамаған броньды «Газель» екі рет аударылып түскен.

Талдардың арасындағы жол белгісін көрмеген жеңіл көлік иесі бұрыла берген инкассаторларды да байқамай қалыпты. Қатты соққыдан броньдалған машина аударылып түсті. Оқиға орнына тіпті өрт сөндірушілер де шақыруға тура келген. Өйткені «Газелдің» оқ өтпейтін терезесі сынғанымен қоймай, жанармайы да төгіліпті. Апат салдарынан жараланған жеңіл көлік жүргізушісі мен қарулы бір күзетші ауруханаға жеткізілді. Бұл инкассаторлардың ақша жинап келе жатқан беті екен. Теңге толы қаптарды өзге инкассатор көлігі келіп алып кетті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде