{metadescription}
Қанат Сәдуов сотта әйелінің  кімнің өртегенін білетінін айтып куәгерлерді шошытты
Қанат Сәдуов сотта әйелінің  кімнің өртегенін білетінін айтып куәгерлерді шошытты

Қанат Сәдуов сотта әйелінің кімнің өртегенін білетінін айтып куәгерлерді шошытты

Бүгін Астанада көптің көзінше тірідей өртеніп кеткен мектеп мұғалімнің ісіне қатысты сотта куәгерлер мәлімдеме жасады. Марқұмның туыстары Светлананың 20 жыл бойы күйеуінен қорлық көріп келгенін айтып отыр. Ерлі-зайыптылар ақыры ажырасып тынса да, Қанат Сәдуов келіншегіне тыным бермепті. Осындай кикілжіңнің бірінен кейін 43 жастағы экс-полицей қазақ тілінен сабақ беретін келіншегін оқушыларының көзінше үстіне бензин шашып өртеп жіберген болатын. Бірақ Сәдуовтың өзі тағылған айыппен келісіп отырған жоқ. 

Бүгін сотқа 43 жастағы экс-полицейге қарсы түсінік беруге туған ұлы Талғат бастаған бір топ куәгер келді. Процеске шақырылғандардың көбі қазақ тілі пәні мұғалімінің мектеп жанында жанып жатқанын көрген. Ал марқұмның әпкесі Айгүл Дәрменова күйеу баласының жылдар бойғы жауыздығын жіпке тізіп берді. Светлана Сәдуованың өзі де 20 жыл күйеуінен көрген қорлықты күнделікке жазып қалдырыпты.

Айгүл Дәрменова, марқұм С.Сәдуованың әпкесі:

-Сіңілім бір күні: егер мен аяқ асты өліп кетсем,оған Қанат кінәлі деді. Өйткені бұрынғы күйеуі Светлананың соңына түсіп, күнде аңдиды екен. Қорқытатын көрінеді. Ал, олар ерлі-зайыпты кезінде көрсетпегені жоқ. Қанат «тамағың дәмсіз» деп бір қазан күрішті өзіне жегізген күндері болған.

Светлананың атында үй болған екен. Бұрынғы күйеуі сол баспананы даулап өлтіруі мүмкін дейді марқұмның әпкесі. Сотталушының арақ ішіп алып отбасында ойран салатынын туған баласы да айтып отыр.   

Талғат Сәдуов, Қ.Сәдуовтың баласы:

-Әкем менің қалтама есірткі салып, полицияға ұстап беремін деп анамды қорқытып Петропавлдан Астанаға көшіріп алып келді. Бірақ, бәрібір ажырасып кетті. Сонда да анама тыныштық бермейтін. Әсіресе соңғы кезде «өлтіремін» деп жиі смс жазатын.

Бүгін сотқа тіпті күйеуінің Светлананың үстіне бензин құйып, өртеп жатқанын көрген куәгерлер де келді.

Зарина Түсіпова, куәгер:

-Бастапқыда екі қаңғыбас араққа таласып тұрғандай көрінді.  Бірі қолына жарты литрлік бөтелге ұстаған. Бір кезде сол ыдыстағы сұйықтықты ерадам әйелдің үстіне құйып, сірінкемен өрт қойып жіберді де өзі қашып кетті. 

Ал, Сәдуовтың өзі сол күні Астанада емес, басқа қалада болдым деп отыр. Айтуынша, тіпті жарты жылға жуық жертөледе жатып әйелін өлтірген қылмыскерді іздепті.

Қанат Сәдуов,  сотталушы:

-26-мамыр күні мен Көкшетауда болдым. Әйелімді біреу өртеп жібергенін анам телефон арқылы хабарлады. Кейін мені күдікті ретінде іздестіріп жатқанын теледидардан көрдім. Дереу бұл қылмысты жасаған адамды іздеуге кірістім.Светлананы кімнің өлтіргенін білемін. Бірақ, оны ұстау үшін уақытым жетпей қалды.

Бірақ, Сәдуовтің бұл сөзіне ешкім сене қоймады. Өйткені, басты  күдіктінің қылмыскерді білемін дегеннен басқа нақты айғағы жоқ. Оның үстіне өртке оранған келіншекті құтқарып қалған куәгерлер көп. Ал марқұмның артында қалған төрт жетім қазір Солтүстіктегі нағашыларының қолында тұрып жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде