{metadescription}
Алматыда үздік студенттер анықталды
Алматыда үздік студенттер анықталды

Алматыда үздік студенттер анықталды

Ең үздік студенттер анықталды! Алматыда білімімен және белсенділігімен дараланған шәкірттер Тұңғыш президент қорының стипендияларымен марапатталды.

Биыл жоғары оқу орындары арасында өткен республикалық байқауда оза шапқан 80 студент стипендиант атанған. Олар білім сайысына қатысқан 300-ден астам үміткердің арасынан таңдап алыныпты. Сөйтіп, еліміздегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында оқитын ең белсенді әрі үздік студенттер жүлдеге лайық деп табылды. Бәрі де өз университеттерінің қоғамдық өміріне белсенді араласады және түрлі жарыстардың жеңімпаздары. Жалпы мұндай байқау Тұңғыш Президент қорының ұйымдастыруымен биыл бесінші рет өткізіліп отыр. Игі шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Ақдана Ақылшаева, стипендия иегері:

- Пәндік олимпиадалар, одан кейін әрбір іс-шараға байланысты көрмелер өтеді. Яғни, сол көрмелерде өзімнің суреттерімді көрсету арқылы жақсы орындарды иелендім. Сондықтан да, осындай жетістікке жетіп отырмын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.