{metadescription}
Солтүстікте қатқан көлде қалып қойған аққулар құтқарылды
Солтүстікте қатқан көлде қалып қойған аққулар құтқарылды

Солтүстікте қатқан көлде қалып қойған аққулар құтқарылды

Солтүстікқазақстандық құтқарушылар мұз құрсауында қалған  алты аққуды аман алып қалды. Суы қатқан көлде қалып қойған құстар туралы төтенше жағдай қызметіне жақын маңнан өтіп бара жатқан жүргізушілер хабарлапты. Кеш жұмыртқалағандықтан қанаттары бекіп үлгермеген әлсіз құстар жылы жаққа ұшып кете алмаған.

Құстар адамдардан қорқып, қамыстың ішіне жасырынған екен. Үстеріне гидрокостюм мен арнайы жилет киген құтқарушылар оларды   айдынға айдап шығарып жатыр. Ұсталған аққулар бірінен кейін бірі мына  көлікке тиелді.

Олег Беспалов, СҚО Орман шаруашылығы инспекциясының бас инспекторы:

-Бұл құстар тым кеш жұмыртқалаған. Содан кейін алыс сапар үшін салмақ жинап үлгермепті. Қанаттары да бекімеген. Сондықтан осында қалып қойды. 

Аққулар құтқарылғанымен, әзірге оларды апаратын жер жоқ. Жергілікті қысқы бақтағы шағын орын лық толы. Оның үстіне бұл жерді   бұрыннан мекендейтін құстардың өзіне азық жоқ екенін кеше ғана айтқан едік. Мамандар бүгін құтқарылған аққуларды қалалық жылу электр станциясының техникалық суы жиналатын каналға апармақ.  

-Тұрғындар «жылы канал» деп атап кеткен көлшіктегі су қыс бойы қатпайды. Оның үстіне бұл жердің азды-көпті балығы да бар. Сондықтан аққулардың қыстап шығуына мұнда барлық жағдай бар дейді мамандар.

Ал мұз қатқан көлде әлі он шақты аққу қалыпты. Оларды қамыстың арасынан таппаған құтқарушылар ертең тағы барып қарап шығатын болды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде