{metadescription}
Астанада Парламент пен Жоғары сот қызметкерлері қирағалы тұрған үйде өмір сүріп жатыр
Астанада Парламент пен Жоғары сот қызметкерлері қирағалы тұрған үйде өмір сүріп жатыр

Астанада Парламент пен Жоғары сот қызметкерлері қирағалы тұрған үйде өмір сүріп жатыр

Салынғанына он жыл да болмаған көпқабатты үйдің шатыры ұшып, шетінен кірпіштері құлай бастаған. Қатты жел тұрса шашылған қыш кез-келген уақытта аулаға құлап, адамды майып қылуы мүмкін. Ал әкімдік баспананы о баста құрылыс компаниясынан сапасыз күйде қабылдап алған екен. Соның зардабын тартқан тұрғындар енді соттың табалдырығын тоздырып жүр.

-Құлаған кірпіштер терезені сындырып болды.

Аулада кірпіш теріп жүрген Астананың қақ ортасындағы мына көпқабатты үйдің тұрғындары. Жұрт он жылдан бері дәл осылай шатырдан ұшқан құрылыс заттарымен алысып келеді. Яғни, үй сапасыз салынған. Ал, әкімдік баспананы дәл осылай апатты жағдайда қабылдап алыпты.

Шынар Дөңсебаева, Астана қаласының тұрғыны:

-Кемшіліктермен барлығы өкіметке өтіп кеткен. Төбеден су ағады, кірпіштер құлайды, жапқан шатырының бәрі нормаға сай емес. Жәй қаңылтыр қойған.Үй Бесоба сияқты бір күні құлайды.

Тұрғындар «Алтын тірек» құрылыс компаниясын талай рет сотқа берген екен. Сарапшылар баспанаға қайта сараптама жасап, жеті түрлі заңбұзушылық тапқан. Оны әкімдіктегілер де мойындапты. Бірақ, қалалық сот құрылыс компаниясының директоры Алтынбай Асылбековтің сөзін сөйлеп отыр дейді ашынған жұрт. Осылайша, Астанада Жоғары сот судьяларының өзі әділдікке қол жеткізе алмай жүр.

-Құдай сақтасын деумен келе жатқан адамдармыз.

-Тұрғындардың алаңдауына негіз бар. Шынында да шатырды айналдыра өрілген қабырға сөгіліп жатыр. Айналада шашылған мынадай кірпіштер кез-келген уақытта аулаға құлап, адамды майып қылуы мүмкін.

Осылайша тұрғындар жел тұрса болды шатырға шығып, төбедегі қирап қалған кірпіштерді жинайды. Әсіресе,  аулаға шыққан балалар үшін қатты алаңдаймыз дейді ата-аналар. Тіпті баспананың шатыры да құрылыс талабына қайшы салынған көрінеді. Жауын-шашыннан соң жиналған су тіке пәтерлерді басады.

-Міне, ортасы жарылып, бәрі түседі. Жалп-жалп етіп. Одан кейін күн жылығанда бұл сасиды.

Үйдің ішкі қабырғасы да сын көтермейді. Төбенің бәрі көгеріп, ылғалданып тұр.

Ұлтуар Шәлекенова, Астана қаласының тұрғыны:

-Опырылып ортасына түссе, бала-шаға не болады? Жаңбыр жауғанда ақты, енді не істейсің. Бар ыдысты қоясың, сүртіп аласың, кешке дейін жүресің.Ана жақтан су көлкілдеп ағып жатса, қалай қорықпайсың?

Бұл үйде пәтер иелері кооперативінің де былығы бастан асады екен. Бұрынғы төраға тұрғындардың жиналған 15 миллионға жуық теңгені қалтасына басып, қашып кетіпті. Енді тұрғындар адам өміріне қауіпті үй салған құрылыс компаниясын және оны қабылдап алған комиссия мүшелерінің жазалануын талап етіп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде