{metadescription}
Бауыржан Байбек апаттан көз ашпаған Алматының трамвайын тоқтатып тастады
Бауыржан Байбек апаттан көз ашпаған Алматының трамвайын тоқтатып тастады

Бауыржан Байбек апаттан көз ашпаған Алматының трамвайын тоқтатып тастады

Алматының трамвайы ақыры тоқтап тынды! Депо ертеңнен бастап уақытша жабылады. Бүгін қала әкімі Бауыржан Байбектің өзі трамвай жұмысын арнайы тексеріп, осындай шешім қабылдады. Бұған негізгі себеп – қаладағы темір жолдардың тым нашарлығы. Оның үстіне трамвайлардың соңғы екі айда үш рет жол апатына себепкер болғаны мәлім. Енді олқылық түбегейлі түзелгенше қоғамдық көліктің бұл түрі тоқтайды.

Басынан дау арылмаған Алматы трамвай депосының жұмысы соңғы айдағы оқыс жағдайлардан соң жіті тексеріліп, бүгін ақыры уақытша тоқтату жайлы шешім қабылданды. Депоның мүшкіл жайын көріп қала әкімі де жаға ұстапты. Бір топ нөкерін ерткен Бауыржан Байбек бүгін сол тексеру қорытындысына соңғы нүктені қоюға өзі келген болатын. Негізі кемшіліктер бұған дейін де талай ескертілген екен. Бірақ басшылығы ешқандай шара қолданбаған. Мәселен шойын жолы әбден желініп, астындағы ағаштарына дейін шіріп жатыр.

Уақытша жабылған депода 101 адам жұмыс істейді екен. Оның 32-і жүргізушілер. Жақын арада олар қайта оқытылып, троллейбус тізгініне отырғызылады. Ал өзге мамандарды серіктестіктің басқа бөлімшелеріне ауыстыру жоспарланған. Себебі, депоның қайта ашылу-ашылмауы белгісіз. 

Ерлан Әділов, Алматы қалалық Жолаушылар көлігі басқармасы басшысының орынбасары:

Қарау керек, экономика жағынан барлығын есептеп, қарау керек. Жөндеу қаншалықты тиімді болады саралаймыз.

Бірінші кезекте шойын жолдар түгел жаңартылуы керек. Апаттың жиілеуі көбіне осыған байланысты екен. Соңғы екі жылдың статистикасы осыған дәлел. Мәселен, былтыр вагондар 20 рет рельстен шығып кетсе, биыл бұл сан 43-ке жеткен.

Төрәлі Төлегенов, «Алматыэлектротранс» ЖШС басқарма төрағасы:

-Жол қандай болса көлік те сондай. Жаман рельспен жүрген трамвай тез тозады. Ауыр көлік бұрылған сәтте жолдан шығып кетуі де мүмкін. Барлығына бізді кінәлай беруге болмайды.

Кінәлауға болмайды дегенмен, тек соңғы бір айдың өзінде трамвайдың кесірінен үш ірі апат тіркелді. Ондаған көлік зақымданып, талай адам ауруханадан бір-ақ шыққаны есте. Тергеу қорытындысы да әлі күнге жоқ. Ал тоқтаған трамвай маршруттарымен ертеңнен бастап №20 және 112-ші автобустар жолға шықпақ.

Осылайша бүгін рейске шығып, кешке қайта оралған трамвайлардың енді шойын жолмен қашан жүретін уақыты белгісіз. Кешенді тексеріс қорытындысы бойынша жөндеу жұмыстарының көлемі анықталмақ. Егер материалдық тұрғыда бұл тиімсіз деп танылса, онда – трамвай қоғамдық көлік түрінен тарихи жәдігерге айналуы әбден мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қаңтар

02 қаңтар

01 қаңтар

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде