{metadescription}
Мысырда апатқа ұшыраған ресейлік ұшақтың экипажы ақау туралы диспетчерлерге хабар бермеген
Мысырда апатқа ұшыраған ресейлік ұшақтың экипажы ақау туралы диспетчерлерге хабар бермеген

Мысырда апатқа ұшыраған ресейлік ұшақтың экипажы ақау туралы диспетчерлерге хабар бермеген

Мысырда ресейлік ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты қазақстандықтар да көңіл айтуда. Алматыда қала тұрғындары кешелі бері Ресей консулдығының алдына гүл шоқтарын қойып, қайғыларына ортақтасып жатыр. Айта кетейік, Шарм-әл-Шейх қаласынан Санкт-Петербургке қарай шыққан «Эйрбас-321» ұшағы арада 23 минут өткенде құлаған болатын. Ұшақ бортындағы 217 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі сол жерде жан тапсырған.

Ресейлік «Когалымавиа» әуе компаниясына тиесілі ұшақ ойдағыдай-ақ көкке көтеріліпті. Бірақ, 9 мың метр биіктікке жеткенде кенеттен төмен құлдилап, Синай аралында апатқа ұшыраған. Қазір оқиға орнын мемлекетаралық авиация комитетінің өкілдері зерттеп жатыр.

Вячеслав Макаров, Санкт-Петербург қалалық заң шығару орнының төрағасы:

-Төтенше жағдай және көлік министрлері қазір Каирге кетті. Мән-жайды арнайы комиссия анықтайды. Алдын ала болжам айту қиын.

Кеше қаралы күн жарияланып, бүкіл Ресей қайғылы қазаны аза тұтты. Ал Санкт-Петербургтің өзінде қаралы күн 3 қарашаға дейін созылады. Көрші елдің ауыр қайғысымен біздің отандастарымыз да бөлісуде. Ресейдің Алматыдағы консулдығының алдына гүл қойып жатқандар әлі де бар.

Жанна Бадритдинова:

-Жатқан жерлері торқа болсын. Кішкентай балалардың... қимай жатырмыз. Өзіміздің де балаларымыз бар

Ұшақта болған 224 адамның 25-і балалар екен. Жетеуі экипаж мүшесі. Әзірге барлық жолаушылар тек Ресей азаматтары деген ақпарат тарап отыр.

Оқиға орнын тексеріп жатқан мысырлық мамандар да, ресейлік шенділер де ондағы атой салып жатқан бүлікші топтардың бұл апатқа еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Бірақ ұшқыштардың техникалық ақау туралы еш хабар бермегені анықталған. Бар құпия енді қара жәшікте болып тұр. Қазір Ресей, Франция және Мысыр мамандарынан құралған арнайы топ сол қара жәшіктің сырын ұғуға кірісіп те кетті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде