{metadescription}
Алматыда балаларын балконнан лақтырған келіншектің шизофрениямен ауыратыны анықталды
Алматыда балаларын балконнан лақтырған келіншектің шизофрениямен ауыратыны анықталды

Алматыда балаларын балконнан лақтырған келіншектің шизофрениямен ауыратыны анықталды

Алматыда балаларын 5-ші қабаттан лақтырып жіберген келіншек психиатриялық ауруханаға жіберілді. Жадыра Көкенайдың шизофрениямен ауыратынын ақыры сараптама дәлелдепті. 

Сондықтан енді оны кәдімгі абақтыда ұстауға болмайды. Ал сот жаза белгілеу кезінде бұл әйелдің денсаулық жағдайын ескеруі тиіс. Жадыра Көкенай қыркүйектің басында 5-ші қабаттағы пәтерінің терезесінен екі баласын лақтырып жіберген болатын. Артынан өзі де секіріп кеткен. Көршілер мен төмендегі саудагерлер қос қыздың ащы дауысын ғана естіп үлгеріпті. Биіктен құлаған 8 жасар Айша сол арада тіл тартпай кетсе, бір жарым жасар Әдия мен әйелдің өзі аман қалды. Кішкентай қыз қазір әкесіне тапсырылған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде