{metadescription}
Павлодарда тұрғындарды таразыдан жеген дүкенші видеоға түсіп қалды
Павлодарда тұрғындарды таразыдан жеген дүкенші видеоға түсіп қалды

Павлодарда тұрғындарды таразыдан жеген дүкенші видеоға түсіп қалды

Павлодар облысында дүкенге келушілерді алдамақ болған сатушы әйелдердің басы бәлеге қалды. Саудагерлердің таразыдан жегенін аңғарған тұрғындардың бірі оларды тезге салмақ болған. Алайда дүкеншілер клиенттің өзіне дүрсе қоя беріпті. Бұл жанжал видеоға түсіріліп, әлеуметтік желілерде де тарап кеткен. Осыдан кейін шенеуніктер Екібастұздағы дүкенді түгел тексеріп, таразылардың бірін қалдырмай ауыстыртты.

Дауға Екібастұздағы мына дүкен сатушыларының былығы түрткі болды. Олардың таразыдан жегенін бірнеше рет аңғарған азамат мұны таспаға түсіріп алыпты. Ал сатушылар ақталмақ түгілі, клиентке елдің көзінше балағат сөздерді жаудыра жөнелген.

- Таразыны орнына қой дедім ғой?

- Кімсің сен өзі? Жоғал бұл жерден.Ақымақ.

Клиент сатушылардың электрондық таразыдағы салмақ көрсететін бөлігін өздеріне пайда әкелетіндей етіп бояп қойғанын да түсіріп алған. Айғай-шуға толы бейнежазбаны көрген шенеуніктер дүкенді түгел тексеріп, мұндағы таразылардың бірін қалдырмай ауыстырған. Ал полицейлер боқауыз дүкеншіні әкімшілік жауапқа тартатын болды.

Бибол Жұманов, Павлодар облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасының инспекторы:

-Бұзақылықтың санкциясы он айлық көрсеткіште айыппұл қаралған немесе он тәулікке дейін әкімшілік қамау қаралған. Қазіргі уақытта әкімшілік материал мамандандырылған сотқа қарауға аттандырылды. 

Аузына ақ ит кіріп, көк ит шыққан екі әйел жұмыстарынан қуылған. Ал олар жұмыс істеген дүкен иесіне айыппұл салыныпты. Сауда орнында таразылар түгел ауысытырылып қана қоймай, клиенттер үшін қосымша өлшеуіш құрал орнатылды.     

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде