Алматыда үлкен дау тудырған автобус жолақтарымен таксилер де жүруі мүмкін
Алматыдағы автобустарға арналған жолақтар 200 шақырымға дейін ұзартылып, олармен такси көліктері де жүйткуі мүмкін. Бұл жоспар қаланың 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасына енгізіліпті.
Автор: Диас Нұрақын
06.11.2015
Өйткені алдағы төрт жылда қаладағы қоғамдық көліктердің саны тағы 600 автобуспен толығады деп жоспарланған. Олардың жүрісін жеңілдету үшін шаһардағы барлық даңғыл жолдарда арнайы жолақ салу көзделіп отыр. Ал тоз-тозы шыққан трамвай жолдары жоғалып, олардың орнын жеңіл рельсті көліктер баспақ. Осылайша шаһар билігі алдағы бес жылда қаладағы көлік қозғалысын қалыпқа келтіруді көздейді.
Дәурен Әлімбеков, Алматы қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы:
- Мақсатымыз аз ақша шығындай отырып трамвай жолдарын жөндеп алу. Қазір бүлінген жерлерді анықтап, қанша қаражат кететінін есептейміз. Орташа жөндеу жүргізілгеннен кейін барып трамвайлар оңтайландырылған бағыт бойынша қатынайтын болады. Бірақ бұл уақытша. Болашақта трамвай деген мүлдем болмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!