Жамбыл облысында теміржол бойымен анаша арқалап қашқан тұрғын ұсталды
Жамбыл облысында теміржол бойымен жаяу бір қап анаша арқалай қашқан тұрғын ұсталды. Тура жолаушылар пойызы қатынайтын рельс үстімен зулаған азаматты құрықтау үшін қызметтік иісшіл итті пайдалануға тура келген.
Автор: Сабина Мәдиқызы
10.11.2015
Луговой станциясында желілік ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің қолына түскен 41 жастағы азамат кінәсін бірден мойындады. Бір қапшыққа толтырылған кептірілген марихуананың салмағы 6 келіден асады. Изоляторға қамалған жігіт ағасы енді 7 жыл бостандық көрмеуі мүмкін. Ал қолына кісен салынбас бұрын оған «Миранда» ережесі оқылды.
- Сіздің сөйлемеуге құқыңыз бар. Адвокат жалдауға хақыңыз бар.Әр айтқан сөзіңіз сотта сізге қарсы қолданылуы мүмкін. Мұның бәрі видеокамераға жазылады. Арыз, өтінішіңіз бар ма? Жоқ па?
- Жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!