{metadescription}
Ақтөбе әкімдігі зейнеткерлер мен мүгедектерді автобуста тегін тасудан бас тартты
Ақтөбе әкімдігі зейнеткерлер мен мүгедектерді автобуста тегін тасудан бас тартты

Ақтөбе әкімдігі зейнеткерлер мен мүгедектерді автобуста тегін тасудан бас тартты

Ал Ақтөбелік зейнеткерлер мен мүгедектер қоғамдық көлікте тегін жүру құқығынан айрылды. Орнына жергілікті билік 1100 теңгеден бермекші. Сондықтан автобуста ел қатарлы теңге төлеп жүруге міндетті.  

Қазір қала ішіндегі автобустарда билет құны 55 теңге. Мектеп оқушылары мен студенттер оның жартысын төлейтін болса, зейнеткерлер мен мүгедектер мүлдем босатылған еді. Енді тек Ұлы отан соғысының ардагерлері тегін жүре алады. Әкімдіктегілер жолақысына қатысты жеңілдікті әдейі жойып, зейнеткерлер мен мүгедектерге ақшалай қолдау көрсетпек болыпты. Себебі олардың арасында денсаулықтарына байланысты үйлерінен шықпайтындары да бар деп отыр. Сондықтан ондайлар жолақысы үшін айына төленетін 1100 теңгені өзге де қажеттіліктеріне жарата алады. Бірақ бұл өзгеріс көпшіліктің көңілінен шыққан жоқ.

Райса Құрманбаева, зейнеткер:

- Күніне қаншама мініп, балаларды бақшаға апарып алып келеміз.  Мың теңге дым да емес қазір. Қазіргі уақытта мың теңге ақша ма?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.