{metadescription}
Елімізде доллардан қалмай көтерілген дәрі-дәрмектің бағасы жұртты шошытты
Елімізде доллардан қалмай көтерілген дәрі-дәрмектің бағасы жұртты шошытты

Елімізде доллардан қалмай көтерілген дәрі-дәрмектің бағасы жұртты шошытты

Доллармен жарысып дәрілер де қымбаттап жатыр! Бірнеше күн бұрын көтерілген препараттардың бағасы енді одан сайын шарықтай түсті. Бұл жағдайдан кейін дертіне дауа іздегендер дәріханаға кіруден жүрексініп те қалған. Өйткені, 100 теңге тұрған тұмаудың дәрісі енді екі мың теңге, ал қарттар аяғы қақсағанда киетін құрылғы – 100 мың теңгеге бір-ақ жетіпті. «Жығылғанға жұдырық», шетелдік компаниялар да дәріні тағы қымбаттатамыз деп жергілікті дистрибьюторларды дүрліктіріп жатыр екен.                          

33 мың теңгеге небәрі 2 дәрі сатып алған Сәдірхан Тәжүсіпов айтарға сөз таппай тұр. Қарияның, бас ауруын қойдыратын дәріге қаржысы жетпей де қалыпты.          

Сәдірхан Тәжүсіпов, Алматы қаласының тұрғыны:

-Мысалы үшін кеше мен «Дюфалак» деген дәрі алдым, 800-900 тұратын еді. Қазір 2100-2200 теңге.Күнде өзгеріп жатыр. Доллар көбейеді, дәрі де көбейіп жатыр. Олай болмайды.

Ал аяқ қақсағанда киетін мына құрылғы доллардың дүмпуіне дейін 12 мың теңге тұрса, қазір жүз мыңнан асқан. Дәріханадан жағасын ұстап шыққан жұрт аса қат дәрілердің тағы да қымбаттағанын айтып қынжылды. Ал дәріханадағылар бұл жағдайды доллардың бағамымен байланыстырып отыр.   

-2400, ал мынау 2200! – мынау 2400? Біз 900 теңгеге алып едік? Бізде сондай баға болды, қазір екі есе қымбат!

-Неге?

-Қазір доллар өскен жоқ па?

-Енді бір ай бұрын доллар қанша болды? Қазір қанша болды?

2400 теңге дегені – Қазақстанда шығарылған тұмаудың дәрісі. Дәл қазір жұрт көп қолданатын ең қат тауар. Шымкенттікі болса да, бағасы шетелдік дәрінікі сияқты.

Лидия Швецгебель, дәріхана директоры:

-Бәрі импорт емес пе? Біз ештеңе  істей алмаймыз. Үкімет деңгейінде шешілуі тиіс.

Директор дәрі доллармен бірге шарықтайды деп ашығын айтты. Баға бұдан әрі де өсуі мүмкін. Өйткені шетелдік фирмалар өз өнімін тағы 25 пайызға дейін қымбаттатуға дайын отыр екен.             

Қайрат Әубәкіров, дәріханалар желісінің құрылтайшысы:

-Бұл қымбатшылықтың салдары дәрінің жетіспеушілігіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Өйткені, күні кеше ғана Литва, Финляндия және Франциядан дәрі бағасын өсіру туралы ресми хат алдық. Оған қоса, ғимаратты жалға берушілер де құнды өсіреміз деп жағадан алып жатыр.

Бұл - онсыз да жыл басынан бері 60 пайызға қымбаттап кеткен дәрі-дәрмектер тағы 50 пайызға шарықтай түседі деген сөз. Удай қымбатшылық тек дәрілер ғана емес, дертке дауа болар медициналық құрал-жабдықтарға да қатысты болып отыр. Сондықтан, дәл қазір ең арзаны – ауырмай жүру ғана болып тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде