Арыста болған жойқын жарылысқа қатысты жаңа мәлімет шықты
Оңтүстік Қазақстандағы Арыс қаласында болған жарылысқа байланысты Әскери тергеу басқармасы тексеруін бастады. Төтенше оқиғаға адами фактор себеп болуы мүмкін.
Автор: Бек Әбиев
10.11.2015
Жексенбі күні еліміздегі оқ-дәрілерді залалсыздандыратын жалғыз полигонда жарылыс болып, бір адам қаза тапқан. Жарылыстан соң екі күн өтсе де, бұл нысанға бөгде адамды жолатпайды. Кәсіпорын өкілдері де тіс жарып ештеңе айтпай отыр. Қайғылы оқиғаға жұмысшылар кінәлі деген болжам айтылуда. Жарылыс болған сәтте онда 17 адам болған екен. Олардың 16-сы дін аман. Тек «Қазтехнология» мекемесінің 41 жастағы инженері көз жұмды. Арыста тамыз айынан бастап іссапармен жүрген Ермұрат Иманқұловтың артында 3 баласы қалды. Бүгін оның денесі үйіне жіберілді.
Еркен Айтбаев, «Казтехнология» АҚ төрағасының орынбасары:
-Қаза тапқан қызметкер өзін тек жақсы қырынан танытқан еді. Бұл саладағы тәжірибесі де жетерлік. Жерлеу рәсіміне кететін шығынды өз мойнымызға алып отырмыз. Ары қарай оның отбасына қаржылай көмектесу жағы да ойымызда бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!