{metadescription}
Алматыда сабаққа келе жатқан  жасөспірім қызды алып қашқан жігіттерге іздеу жарияланды
Алматыда сабаққа келе жатқан  жасөспірім қызды алып қашқан жігіттерге іздеу жарияланды

Алматыда сабаққа келе жатқан жасөспірім қызды алып қашқан жігіттерге іздеу жарияланды

Қыз ұрлағандардың қылығы Алматының тәртіп сақшыларын аяқтан тік тұрғызды. Кәмелетке толмаған қызды бір топ жігіт алды-артына қаратпай жабылып жүріп, көлікке басып әкеткен. Оқиға тапа-тал түсте қыз оқитын колледж алдында болды. Шырылдап көпшіліктен көмек сұраған бойжеткенді курстастары ұялы телефондарына түсіріп алыпты. Ал полиция қала бойынша құрықтау шарасын қолға алып, студентті жер-көктен іздеп тапапй жатыр.  

- Ұрлап бара жатыр

- Әйел қылмақ па?  

- Иә, әні қара

Мұны көргендердің бірі күлсе, енді бірі-шырылдаған қызға жаны ашып әлек. Күйеу жігіт пен оның нөкерлері көмекке ұмтылғандардың бәрін ұрып-жығып, бір-ақ пәсте қызды көліктеріне күштеп басып әкетті.

- Масқара, қызды ұрлап кетті. Сұмдық.

Оқиға таңғы 9-да Алматы технология және сервис колледжінің дәл есігі аузында болған. Бойжеткен осы оқу орнының студенті екен. Ойбайға басып жылаған қызға, тіпті, колледждің қарулы күзеті де көмектесе алмапты.       

- Айсел, қарағым-ай, Айсел! Әй-әй-әй!!!

Айселдің ұрланғанын таспадан көрген туыстары төбесінен жай түскендей күйде. Бойжеткен әлі 18-ге де толмаған екен.

Зухра Агамедова, қыздың әжесі:

- Таспадан көрдім, аяқ-қолын қайырып, матап әкеткен. Телефонын да тартып алыпты. Қорлық қой бұл деген! Немеремді шыңғыртып әкетті. Қалай шыдарсың мұндай қорлыққа? Тауып берсін, тездетіп қайтарсын қызды!

Куәгерлердің айтуынша, қызды алып қашқандар колледжге қырғыз нөмірлі көліктермен келген. Ал басты тонаушы-міне, мына жігіт. Тахир Мамедов бұған дейін де қызға қырындап жүрген екен. Бірақ, Айсел үзілді-кесілді қарсы болған. Мұны ескерген Байрамовтар әулеті енді жалғыздары жігіттен жәбір көре ме деп қорқады.  

Гүлназ Ісперова, туысы:

- Қай жақта, қай жерде ұстап отыр, не істеп жатыр ешкімнің ешқандай хабары жоқ! Ар-намысына тиеді деп қорқып отырмыз. Бүлдіріп қояды ма деп. Қыз қорқып, ол әлі кішкентай қыз ғой! 18-ге де толмаған! Ол қорқып, ауру боп қала ма, не боп қалады белгісіз.

Ескі дәстүрге салғандар, тіпті кешірімшілерді  жібермепті. Бірақ, оларды күткен мұнда ешкім жоқ. Көзге түссе болғаны, сазайын бермек. 

Таңғы 9-да сабаққа кеткен қыздан әлі хабар жоқ. Есесіне, күйеу жігіт пен оның 12 нөкерін полиция қаланы түгел тінтіп іздеп жатыр. Ал тапа-тал түсте студенттен көз жазып қалған Алматы технология және сервис колледжі болса, болған оқиғаны қыз алып қашу дәстүріне сілтеп, жайбарақат отыр.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде