{metadescription}
Қатыгез күйеуінен қашып үш баламен далада қалған әйел қамқорлыққа алынды
Қатыгез күйеуінен қашып үш баламен далада қалған әйел қамқорлыққа алынды

Қатыгез күйеуінен қашып үш баламен далада қалған әйел қамқорлыққа алынды

Алматыда күйеуінің қатыгездігіне шыдамай, үш баласымен көше кезіп кеткен әйелді қалалық полиция қызметкерлері қамқорлығына алды. Өрімдей үш қызымен көше бойында қайыр тілеп жүрген Лаура Баймолдина қазір озбыр отағасынан оқшауланып, басқа бір жалдамалы үйге орналастырылған. Ал күйеуіне қатысты енді жұбайы мен балаларына бір ай бойы жақындауға болмайды деген заңды шешім шықты. 

Қарашаның қара суығында бұл әйелді көшеден көргендер тісқаққан қайыршы деп қалуы мүмкін. Ал оның күйеуінің қоқаң-лоққысына шыдамай, үйінен қашып шыққанын кім білсін?! Отасқандарына жеті жыл болса да, ішкілікке салынған отағасы соңғы кездері екіленіп алатынды шығарған екен. Сондай кикілжіңнің бірінде келіншек 4 қабаттан секіріп, қазір мүгедектер арбасына таңылған.

Лаура Баймолданова:

- Мен одан қорқам. Бұрын да пышақ сұға жаздаған. Соның кесірінен 4-этаждан секіріп кеткем. Пышақпен қуалайды. Түн ішінде ішіп алады да тиіседі маған. – Ағайын туыс жоқ па еді? – Менің туған ешкімім жоқ. Әкемнің өзін 19 жылдан кейін көргем. Ол өзі органда істейтін адам. Бірақ ол көмек бермейді.

Шиеттей үш қызбен көшеде түнеп, қайыр тіліп жүрген анаға полицейлер бей-жай қарай алмапты. Заң жүзінде ешқандай көмек қарастырылмаса да, Лаураны алдымен бөлімшеге әкетіп, кейін жалдамалы үйге орналастырған.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

- Үй табылғанша полиция бөлімшесінде болған. Яғни, оның балаларына қандай да бір көмек көрсетілді. Жылытып, ұйқыға жатқыздық дегендей. Сонымен қатар, «Әйгерім» ықшамауданындағы жекеше үйлердің бірінде оған үй табылды.

Айта кетерлігі, Лаура балаларын ертіп, тағы да қайыр сұрататын болса, өзі де жауапқа тартылуы мүмкін. Оларға жылы үй табылғанымен, мұның бәрі уақытша. Сондықтан, бесіктен белі шықпаған үш қыз бен жарымжан ана ел қатарына қосылып кету үшін әлі де қолы ашық жандардың көмегіне мұқтаж.

 

Көмектесемін деушілерге: +7 775 638 08 01 Лаура Баймолданова

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.