Алматы облысында оқушылар төбелесіп 15 жасар бала қаза тапты
Алматы облысында 9-шы сынып оқушысы төбелес кезінде қаза тапты. Талғарлық Шахзат Махаметовті жоғары сынып оқушылары ұрып өлтірген.
Автор: Ербол Тұрымбет
18.11.2015
Оқиға мына жерде, бүгін түс әлетінде болған. Сабақтан шыққан оқушылар Шахзатты қалың қамыстың арасына ертіп әкеліпті. Мәселе сөзбен шешілмеген болуы керек, ол осы арадан тірі қайтпай қалған. Шахзат Махаметов №2 мектепке биыл ғана ауысып келген екен. Осыған дейін өзге балалармен арада қандай да бір кикілжің болмаған көрінеді. Оқуда да үлгерімі жақсы болыпты. Алайда 15 жасар баланың қазасы бүкіл қаланы дүрліктірді. Шахзатты 12 оқушы өз тәртібіне көндірмек болып, жабылып ұрған дейді қара жамылған ата-ана. Жергілікті билік өкілдері болса, өзгеше мәлімет таратып әлек. Айтуларынша, өзара келісе алмаған екі бала ақыры төбелесіп, арты қайғылы жағдаймен аяқталған.
Нұрлан Сабыров, Ш.Махаметовтің туыс ағасы:
-«Смотрящий» деген түрменің заңы. Сұмдық қой. Бір балаға 12 бала жабылды деген сұмдық қой ол. Біреу ұрды деп ешқашан арыз айтпаған бала.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!