{metadescription}
Ұлттық банк 20 мың теңгелік купюра шығаруға қатысты арнайы мәлімдеме жасамақ
Ұлттық банк 20 мың теңгелік купюра шығаруға қатысты арнайы мәлімдеме жасамақ

Ұлттық банк 20 мың теңгелік купюра шығаруға қатысты арнайы мәлімдеме жасамақ

Ұлттық банк төрағасы бүгін доллар бағамына қатысты өз болжамын айтты. Данияр Ақышевтің бас банкир ретінде жасаған алғашқы мәлімдемесі оптимизмге толы.

Айтуынша, қазіргі бағам тұрақты. Яғни, 1 доллар алдағы уақытта осы 307 теңгенің маңайында болады. Өйткені, қазір төл теңге әлемдік экономикалық ахуалға сай өз межесіне келіп тоқтаған. Әрі жыл басынан бері үш есе арзандаған мұнай бағасы мен Ресей рублі ұлттық валютаның осы қалпында тұруына мүмкіндік беріп отыр дейді Ақышев. Бұдан бөлек, бас банкир дедолларизация мен 20 мың теңгелік купюраны шығару мәселесіне де тоқталды. Қазір бұл шаруа қызу талқыланып жатыр екен. Әзірге жаңа ақшаның қашан шығары белгісіз.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

-Теңге бағамына Ұлттық банктың араласпайтынын білесіздер. Бірақ, көк қағаздың бірден қымбаттап кетуіне жол бермейміз. Ал теңгеге сенімді күшейту үшін,алдымен Ұлттық банктің халық алдында беделін көтеру керек. Сондықтан біздің есік ашық. Жұрттың сұрақтары болса біз барлығына жауап беруге, бірігіп жұмыс істеуге дайынбыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.