{metadescription}
Павлодар облысында жалған ақшамен сауда жасағандар ұсталды
Павлодар облысында жалған ақшамен сауда жасағандар ұсталды

Павлодар облысында жалған ақшамен сауда жасағандар ұсталды

Павлодар облысында дүкендерден жалған ақшамен зат алып жүрген азамат ұсталды. Купюра тіпті астыртын цехта да басылмаған. Тойларда шашу ретінде пайдаланылатын өтірік теңге екен. 

Бұл жағдайда сатушылардың да алаңғасарлығын айтуға болады. Ертіс ауданының 34 жастағы тұрғыны үш бірдей дүкенге кіріп, азық-түлік пен спирттік ішімдік алған. Клиенттің арам ойын аңғармаған сатушылар 5 мың теңгелік қағаздағы «төлем қаражаты болып саналмайды» деген жазуға да мән бермепті. Оның кәде-сый купюра екендігін қызметкерлерінен күнделікті түсімді алуға келген дүкен иелері анықтаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде