{metadescription}
Сенат төрағасы дәрігерлердің сауатсыз екенін айтып министрді ұялтты
Сенат төрағасы дәрігерлердің сауатсыз екенін айтып министрді ұялтты

Сенат төрағасы дәрігерлердің сауатсыз екенін айтып министрді ұялтты

Еліміздегі емханаларды бизнесмендер басқаратын болады. Үкімет облыс орталықтары мен қалалардағы барлық емханаларды кәсіпкерлердің қолына бермек.

Бірақ, мемлекеттік медициналық мекемелерді кәсіпкерлер бірден сатып ала алмайды. Алдымен 5 жыл басқаруы тиіс. Егер, кәсіпкер келген соң медициналық қызмет көрсету сапасы артып, оң өзгерістер байқалса, яғни Үкіметтің сынағынан сүрінбей өтсе, емхана сатылуы мүмкін. Ал, емханаға қарағанда шығыны бірнеше есе көп ауруханалар мемлекеттің мойнында қала бермек. Бүгін Сенатта дәрігерлердің біліктілігі туралы да сөз болды. Жоғары палата төрағасы Қасым Жомарт Тоқаев медицинадан мүлдем хабары жоқ, сауатсыз ақ халаттыларды айтып, сынады. Мұны Дүйсенованың өзі де мойындап отыр. Енді мейірбикелерді Финляндияның үлгісімен оқытпақ. Денсалық саласындағы тағы бір жаңалық - келесі жылы Ұлттық экономика минисрлігіне өтіп кеткен санитарлық эпидемиалогиялық бақылау қызмет қайта Денсаулық министрлігіне берілетін болды.

 

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:

-2016 жылы біз өзімізге тиесілі қызметтерді бөліп аламыз. Мәселен, инфекциялық аурулардың тарауын алдын алу, бақылау, індеттің  ошағын анықтау Денсаулық сақтау министрлігіне қайта өтеді. Ал, тұтынушылардың құқығын қорғау бұрынғыша Экономика министрлігінде қалады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде