Ақмола облысында әкім әйелін өлтірген азамат ұзақ мерзімге сотталды
Ақмола облысында әкім әйелін өлтірген азамат 20 жылға сотталды. 37 жастағы Бағдат Бәтенов шенеунікті шілде айында өз кеңсесінде 3 жерінен пышақтап, мерт қылған болатын.
Автор: А.Тұрғынбекқызы
23.11.2015
Яна Крыль мен сотталушы екеуі азаматтық некеде тұрған екен. Әйелінің жұмыс орнына кеп жанжал шығарған ол келіншекті қызметкерлерінің көзінше пышақтап тастаған. Кейін өзіне қол салмақ боп, тамырларын кесіпті. Тірі қалған азамат енді алдағы 20 жылын қатаң тәртіптегі түрмеде өткізеді. Тек оның туыстары кесілген жаза тым ауыр деп отыр.
Махмуд Бәтенов, сотталушының ағасы:
-20 жыл 3 ай берді. Апелляцияға береміз. Анау бала жылап қалды. 15-12 жыл десек.
–Адам өлтірді ғой?
-Адам ол бірге жүрген, махаббат болған араларында
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!