Қостанайда көктайғаққа байланысты сабақ тоқтатылды
Еліміздің солтүстік өңірлері екінші күн көктайғақтың азабын тартуда. Қостанайда осыған байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды. Жарақат алғандардар ауруханаларға сыймай жатыр.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
24.11.2015
Ұзын-сонар тізіліп тұрған мына көліктің жүргізушілері Петропавлдан шығатын жолдың бойында түнеп шығыпты. Кеше кешкілік көлік қозғалысына шектеу қойылып, бүгін сағат 11-де ғана оларға жүруге рұқсат берілді. Жаңбырдан соң түнде аяз ұрып, айналаның бәрін көктайғаққа айналдырған. Қостанайда да екі күннен бері дәл осындай жағдай. Қалада ірілі- ұсақты бес жүздей жол апаты тіркелген. Мына жүк көлігі электр бағанын құлатса, екіншісі жол шетіне шығып кетті. Ал екі күн бойы мұзда жығылып, ауруханаға көмек сұрай келгендерге тыным жоқ.
Болат Сәдуақасов, Қостанай облыстық ауруханасының травматологы:
-Қазір біздің жағдайымыз кішкене жаман болып тұр. Үш күн бойы. Салыстырғанда экологиялық апатпен салыстыруға болады. Бізге травматологтар жетіспеген кезде хирургтер көмекке келіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!