Шымкентте курсанттар арасындағы жаппай төбелеске әлімжеттік себеп болуы мүмкін
Шымкенттегі Сабыр Рахымов атындағы әскери мектеп- интернатының курсанттары топтасып төбелескен. Түн ішінде жікке бөлініп жаға жыртысқан оқушылардың оны жараланып, ауруханаға түсті.
Автор: Бек Әбиев
25.11.2015
Сәбит Байбосынов, Шымкент қалалық жедел-жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі:
-Тексеру кезінде барлығы жеңіл жарақат алған. Дененің көгергені, ұрылған, соғылған диагнозымен алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жергілікті емханаға қайтарылды.
Көздері көгеріп, беттері жырылған тәлімгерлер ауруханада жүздерін көрсетуге ұялды. Қайта ауыр жарақат алған ешкім жоқ. Тексеруді бастаған прокурорлардың айтуынша, жанжал интернаттағы кешкі ас кезінде екінші және үшінші курстың оқушылары арасында басталған. Тамақтанып болған соң ерегес төбелеске ұласыпты. Бұған жасы үлкен шәкірттердің кішілерге әлімжеттік жасауы себеп болуы мүмкін. Төбелеске 13 бала қатысқаны белгілі болды. Әскери мектептің күндіз-түні қадағалауы тиіс басшылары төбелес туралы тіс жарып айтпайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!